Н.Ә. Назарбаевтың және В.В. Путиннің саяси портреттеріне назар аударыңыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – өз қоғамының әрбір этносының өзекжарды мәселелерін терең түсінетін саясаткер. Оның санасы мен іс-әрекетінің мазмұнын қазақ ұлтының және барша қазақстандықтардың мүдделері анықтайды. Мемлекет басшысының әлеуметтік-саяси, мәдени-психологиялық сапаларының қайнар көзідері оны қоршаған қазақи ортадан, ата-анасынан, Шамалған ауылынан бастауын алады. Н.Назарбаевтың елдік тәжірибесі оның сапалық қасиеттерін, кәсіпкерлігін және харизмасын ашып оған деген халық құрметін жасады;

– Президент ретінде әлеуметтік-саяси, экономикалық-финанстық модернизациялау саясатының негізгі бағыттарын анықтаушы және іске асырушы болуы Н.Назарбаевтың феноменінің негізгі белгісі;

– Егемен Қазақстан халқының арман-мақсаттарымен ұлт көшбасшысының мүдделерінің сәйкестігі Қазақстанды бейбіт эволюциялану жолына бастаған маңызды субъективті фактор болды. Қоғамдық-саяси жүйенің демократиялануы ел алдындағы стратегиялық міндеттерді шешуге халықты ұйытты жэне т.б.

Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала та сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ ра латын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін.

Бөлісу