Памфлеттің табиғаты, жанр ретінде қалыптасуы

Памфлет-бәрін күйдіремін,жалындаймын деген сөз.

XII ғасырда  көпшілікке кең тараған “Pamphilins Len de Emore” деген комедияның басты кейіпкерінің есімі;Қаһарлы сөз-көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма.Памфлет бүтін бір қоғамдық құбылысты,саяси жүйені тұтас алып,немесе олардың кеселді жақтарын,кертартпа әлеуметтік топтары,идеологиясы мен көзқарастар жүйесін жер – жебіріне жете әшкерелеуді мақсат етеді.Памфлет жазылу формасы мен компазициялық құрылысы жағынан негізгі 4 топқа бөлінеді:

1.Публисицтикалық жанрлар нұсқасында жазылатын памфлеттер:

-Памфлет-сұхбат

-Памфлет-есеп

-Памфлет -корреспонденция

-Памфлет-репортаж

-памфлет-шолу

-Памфлет-мақала

Памфлет-рецензия

-Памфлет-очерк

2.Көркем әдебиет жанрлары үлгісінде жазылатын памфлеттер:

Прозалық памфлеттер:

П-әңгіме,п-новелла,п-ертегі,п-повесть,п-роман,

Поэзиялық памфлеттер:

п-өлең,п-мысал,п-поэма,

Драмалық памфлеттер:

п-көрініс,п-пьеса,п-комедия,п-сценарий

3.Саяси құжаттар түрінде жазылатын памфлеттер:

п-үндеу,п-прокламация,п-шақыру,п-мәлімдеме,п-сөз

4.Іс-қағаз түрінде жазылатын памфлеттер:

п-хат,п-күнделік,п-мемуар,п-өмірбаян,п-некролог,

     Памфлет термин ретінде XII ғасырда қолданыла бастағанымен,оның тарихы әдебиет пен публицистика  тарихымен тамырла,сабақтас жатыр.Ол көне Греция мен Римде шешендік сөз,ғылыми трактат түрінде аяқтанып,келе-келе мазмұн-пішін жағынан молығып,әдеби шығармашылықтың барлық жанрын жаулап алды.

Бөлісу