Америкалық әйгілі ғарышкер Джон Янг 88 жасқа қараған шағында бақилық болды деп хабарлайды РИА Новостипорталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

“87 жастағы ғарышкер Джон Янгтың қазасы бәрімізге ауыр тиді. Янг Айға екі рет ұшып, бетінде жүрді және шаттлдың алғашқы миссиясына қатысты”, — делінген НАСА аэроғарыш агенттігінің хабарамасында.

Айта кетерлігі, Янг ғарышта “Джемини”, “Аполлон” және “Колумбия” космо-кемелерімен барлығы алты рет болған.

Ғарышкер НАСА-да 42 жыл қызмет етті.

Бөлісу