1. Жер беті тыныш болу үшін ұлттар арасындағы, сенімдер арасындағы қайшылықтарға мәмілегер бола алатын, саясаттың салқыны тимеген адамзатқа ортақ тұлға керек.
2. Қауіпке толы аймақта бай болып өмір сүргеннен, қауіпсіз аймақта кедей болып күнелткен артық… Байлар өмірден өткенде ұрпақтарына байлығын қалдырып, оларды қатерге толы қоғамға тастап кеткенше, тірлігінде байлығын қоғамның ізгіленуіне жұмсасын.
3. Қорқынышы үлкеннің қорғаны биік, бұл қорқыныштан құтылудың ақымақтық жолы. Қорқыныштан құтылғың келсе, үйіңнің қорғанын емес, адамгершілігіңнің қорғанын биіктет!
4. Қораздар мен мекейіндер жайлы білгенімізбен, еркек жұмыртқа мен ұрғашы жұмыртқа жайлы ойланған жоқпыз. Еркек жұмыртқа болмаса қораз, ұрғашы жұмыртқа болмаса мекейін болмас еді… Адамзаттың қателігі болмыстың терең қабатына үңілмейтіндігі…

Мұратхан ШОҚАН

фейсбук парақшасынан

Бөлісу