75 жастағы зейнеткер биіктен құлдилаған бойда сұлулық салонының үстіне бір-ақ түскен. Желіде пайда болған кадрда кейуана өз аяғымен тік тұр. Кісінің жерге түсе алмағанын байқаған куәгер дереу төтеншеліктерге хабар берген, деп хабарлады КТК.

Мамандар келсімен әжейді арнайы құтқару жабдықтары арқылы жерге түсірді. Сөйтіп, оны жедел жәрдемге салып жіберді. Сол қолы сынған зейнеткер ауруханаға жетісімен жансақтау бөліміне жатқызылған. Өйткені оның қан қысымы төмендеп кетіпті. Хәлі ауыр науқастың дәрігерлер бетін бері қарата алмады. Арада үш сағат өткенде оның жүрегі тоқтады.

Айта кестек, марқұм бұған дейін де дәл осы биіктіктен екі мәрте құлап аман қалған екен. Ал оның қандай жағдайда құлағаны әзірге жұмбақ.

Бөлісу