«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Зайсан ауданында 120 пәтерлі тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды. Бұл туралы QAZBRAND.INFO порталы хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдар бойы жаңа қонысты күткен жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. 3 қабатты 2 тұрғын үй жетім жəне ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, əлеуметтік жағынан əлсіз топқа жататын жанұялар, бюджеттік сала қызметкеріне жалдауға берілді. Зайсандықтарға баспана кілттерін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильянов тапсырып, қоныс иелерін құттықтады.
Зайсан ауданының әкімі Т.Ж.Қасымжановтың айтуынша: «Қазір өңірде 900-ден астам азамат баспана кезегінде тұр. Кезек санын азайту және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қазір 250 пәтерлі тұрғын үйдің құжаттары әзірленуде, сондай-ақ жер тілімдерін беру мәселелері қолға алынуда».

Бөлісу