Әнші Қайрат Нұртас қала көшесін бойлай жаяу жүгірді.

Жүгірген сәтінің видеосын әнші желідегі парақшасында жариялады.

“Халық түсінбей жатыр, мынау Қайрат па, Қайрат емес пе деп”, – дейді әнші.

“Спорт – денсаулық кепілі”, – деп жазды Қайрат парақшасында. Әнші Орал қаласында жүгіріп жүргені айтып өтті.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығын айтты.

“Денсаулығың мықты болсын! Қарапайым әнші. Жарайсың, Қайрат, саған үнемі ризамыз”, – деп жазды желідегілер.

 

Жариялағанstan.kz
Бөлісу