Көшелер өзенге айналып, жолдар бұзылды.

Жапон үкіметінің мәліметінше, елдің орталығы мен оңтүстік-батысында нөсер жауыннан кейін басталған су тасқынының салдарынан сегіз адам өліп, елуден астамы із-түзсіз жоғалды. Адамдардың қазасына жергілікті тұрғындарды “шайып” әкеткен ағын су, сондай-ақ көшкін себеп болды.   NHK телеарнасы көшелер өзенге айналып, жолдардың бұзылғанын хабарлады. Үйлер қирап, көліктер аударылып қалған.   Құтқару жасақтарына 48 мың полицей, өзін-өзі қорғау күштерінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.

Видео авторы: NHK WORLD-JAPAN

Дереккөз: sputniknews.kz

Бөлісу