Үндістанның Мумбай қаласында орын тепкен Санжиуан емханасының тұсынан өтіп бара жатқан екі жігіт қалта телефондарының таспасына ерекше көріністі тартып алыпты: емхана қабырғасымен жоғары өрмелеген, шашын жайып жіберген әйелдің бойын жын буған (куәгерлердің айтуынша). Бұл ақпаратты “Алаш айнасы” порталы жариялаған болатын.

Тіпті, тау-тасқа өрмелеуге машықтанған алпинистердің өзі мұндай ептілік танытпас – әлеуметтік желідегілер оны айкезбелік дертке шалдыққан деп топшылауда.

Ұйқы кезінде шалық шалып, не істеп, не қойғанын білмейтін, соған қарамастан қатерлі трюктерді жасай алатын қабілетті сырқат та болуы мүмкін.

Жариялағанalashainasy.kz
Бөлісу