Душанбеде дәрігерлер сұмдық жайтты көзбен көрді. Олар сәбидің осынша инені жұтып алуы мүмкін емес деп отыр.

Рентген-тексеру кезінде баланың басы мен мұрын қуысында, денесінде инелер тұрғаны анықталды. Кей инелер денеге терең кіріп кеткен.

Дәрігерлер инелердің баланың денесін 3 айдан бері жатқанын айтты.

«Бүгін ота жасап, баланың денесіндегі 6 инені алдық. Ота көп уақытқа созылатындықтан басы мен ішіндегі инелерді алған жоқпыз. Бала бірнеше отаны көтере алмайды», – дейді дәрігер Шухрат Чориев.

Дәрігерлердің айтуынша, егер бала өздігінен инені жұтса, ішкі ағзасы, тамағы зақымданатын еді.

«Рамазан айы болатын. Келінім баланы тамақтандырмақ болды. Бір кезде айқайлап пинсет әкелуін сұрады. Біз оны әкелгенше өзі қолымен алып тастады. Бірақ иненің көзі орнында қалып қойды», – дейді әжесі.

Баланың әжесі оны тамақтандырып жатқанда аузынан ине тауып алғанын айтты.

Иненің екеуі тігін машинасынікі болған. Тағы басқа түсініксіз заттар табылған. Инелер баланың ішінде ұзақ жатқандықтан дат баса бастаған.

Жақындары баланың ағзасында өзін жақсы сезінгенін, ауырмағанын айтады.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу