Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық домбыра күні атап өтілді. Зайсандықтар да Ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған шараны ерекше атап өтуде,-деп хабарлайды Qazbrand.info ақпараттық-танымдық порталы.

Зайсан халқы бұл күні дүние келген сәбилерге қазақтың қасиетті домбырасын тарту етіп, домбыра күнін айрықша атап өтті.

Дүниеге келген екі сәбиге қазақ халқының ұлттық музыка аспабы – домбыра сыйға берілді. Дүниеге келген сәбилерімізге құлағына қазақтың әуезді домбырасының үнін, қазақтың тамаша әнімен тербеліп өссін деген тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Қ.К.Чилибаев жас аналарды құттықтап, сәбилерге домбыра табыс етті.

 

Бөлісу