Осы уақытқа дейін жеке өмірін жұрттан жасыруға тырысқан Айқын ақыры екінші мәрте үйленгенін мойындады. Ол екінші рет отбасын құрғаны үшін айыптаған тыңдарманынан кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz ақпаратттық агенттігінің тілшісі.

Instagram-дағы тікелей эфир барысында тыңдармандардың бірі:

“Бұрында ұнаушы едің, екінші әйел алған соң онша ұнамайсың”, – деп пікір білдірген.

Әдетте жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын ала қашатын Айқын бұл жолы сыпайы түрде: “Кешіріңіз енді”, – деп жауап берді. Ол екінші рет үйленгенін жоққа шығармады.

https://www.instagram.com/p/BkZFRjBlN7X/?utm_source=ig_embed

Айта кетейік, былтырғы жылы Айқын мен КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалидің көңіл жарастырғаны белгілі болды. Желіде Жұлдыздың ұзатылып бара жатқан сәті тарап кеткенімен, Айқын мұны жоққа шығаруға тырысты. Десе де, көп ұзамай жұлдызды жұптың ұлды болғаны анықталды. Алғашқы продюсері Эрик Тәстембековтің айтуынша, Айқын екі отбасына да қамқор болып тұрады.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу