Сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы, Елбасымыздың жиені  Венера қазақстандық танымал әулеттің ұрпағы 22 жастағы Дален Чайжунусовке тұрмысқа шықты,-деп хабарлайды QazBrand.info ақпараттық-танымдық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дален Шайжүнісов Алматыда туып-өсіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де заң факультетін бітірген.

Венера және Даленнің достарының айтуынша олар 2 жыл бұрын танысыпты.

Жастардың үйлену салтанаты  Ritz-Carlton залында өтті. Ол жерге ең жақын туыстары мен достары ғана шақырылды. Елбасы және Сара Назарбаева жиені мен күйеубаласына  бақытты отбасылық өмір тіледі. Сондай-ақ, барлық қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін сақтай отырып қонақтарға кең дастархан жайды.

Дариға Назарбаеваның отбасында тағы 7 жастағы ұлы Асылжан өсіп келеді, сонымен қатар ол 7 жасар немересі Сұлтанды тәрбиелеп отыр.

Бөлісу