Әли Оқаповтың отағасы атануын өзінен бұрын, тыңдармандары тағатсыздана күтіп жүргендей. Себебі Роза Рымбаеваның ұлына “қашан үйленесің?” деген сауал күн сайын жолданады. Алайда Әли отбасын құруға асықпайды.

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Себебі отбасын құру сынды маңызды мәселе жеті рет өлшеп, бір рет кесу керектігіне сенімді.

“Үйленуді кім жоспарламайды? Бәрі де ойлайды. Менің уақытым келді. Бірақ енді алдағы бірнеше жылдың ішінде отбасын құрамын деп ойлаймын. Бұл өте маңызды мәселе, бір сәтте шешім шығара салуға болмайды. Себебі қателесіп кетуің де мүмкін. Статискаға қарасақ, ажырасулар өте көп. Сондықтан да ақылмен шешу керек деп ойлаймын. Себебі мен өзім және жарым үшін ғана емес, болашақ балаларым, ұрпағым үшін де жауаптымын”, – дейді Әли.

Бөлісу