Танымал Журналист Серік Жанболат “Массагет” порталының “Айна” арнайы жобасына барып өзіне қойылған барлық сұрақтарға терең толғана, нақты, толымды, ойлы жауап берді. Қайраткер журналистің арманы мен мақсаты өте көп екенін байқауға болады. Сонымен қатар, қазақ ұлтының болашағына алаңдайтыны, қазақ тіліне деген айрықша қамқорлығы, махаббаты бүкіл болымысына айналған. Табандылық болса, пенденің алмайтын қамалы болмайтынын баса айтты. Кейкі батыр туралы роман жазғысы келетінін, ол арманына көптеген жылдар бойы дайындалып жүргенін жасыра алмады.

ЖариялағанМассагет порталы
Бөлісу