Танымал қазақстандық журналист, бірнеше басылымның редакторы Майя Әкішева түрік азаматына тұрмысқа шықты. 32 жастағы қаламгер мен оның жұбының неке қию салтанаты Түркияда өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Майяның әріптесі Алина Мұстафина желіде хабарлады.

“Ер адам болсам, оған өзім үйленетін едім. Бұл шындық. Сондықтан да оның жұбайына қызыға да, қызғана да қарап тұрмын. Бақытты бол, қымбатты Майя!” – деп бөлісті ол.

https://www.instagram.com/p/BkXvkCQnlIK/?utm_source=ig_embed

Атап өтетін жайт, қазақстандық журналист түрік салтына сай, қына кешін өткізген. Сондай-ақ, жұптың некелесу салтанаты Түркияда өткен.

https://www.instagram.com/p/BkV9MafBBum/?utm_source=ig_embed

Айта кетейік, Майя Акишева бірнеше глянц журналының редакциялық директоры. Медиа әлеміне танымал қаламгер COMODE.KZ, LOOK.TM, GAGARIN.TM сынды басылымдарда басшылық қызмет атқарған.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу