АРДАҚ БӨКЕЕВА (ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ ЕКІНШІ ЖАРЫ):

Оралхан әу бастан мені өз шығармаларын түсінуге өресі жетпейтін жан деп есептейтін. Оның ойынша мен қазақ әдебиетінен мақұрым жанмын; орыс деревнясында өскен мен сияқты ерке қызға Оралханның шығармаларын түсіну қайда? Расында мен қазақ әдебиетін керемет біліп едім деп өтірік мақтана алмаймын.
Оралхан маған: “Ардаш, мен бұрын шығарма жазсам, өздігінен ағылып-төгіліп жатқан соң жазатынмын, ал енді балаларымды асырау үшін жазамын. Ақша табуым керек қой. Бірақ ешқашан да халтураға бара алмаймын”, — дейтін. “Атау кере” романы жарыққа шыққанда шығарманы не мақсатпен жазғанын ұзақ әңгімелеп еді. “Алданған ұрпақ” атты трилогия жазатынын, онда нені қамтығысы келетінін айтып отыратын.

© Дереккөзі

Бөлісу