Талай қыздың жүрегін жаулаған, еліміздің танымал бойдақтарының бірі – Асылхан Төлепов, жуырда шаңырақ көтермекші. Жеке өмірін барынша жасырын ұстауға тырысатын актер сүйіктісіне ұсыныс жасап үлгерген деп хабарлайды НТК арнасының “Ревюныюс” бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

“Жеке өмірім тыныш, ешқандай жаңалығым жоқ”,-деген ол тілшіге берген жауабында.

Мыңдаған қыздың жүрегін жаулаған отандық актер шаңырақ көтергелі жатыр (фото)

АСЫЛХАННЫҢ СҮЙІКТІСІ. СКРИНШОТ: РЕВЮНЫЮС ВИДЕОСЫ

Алайда көрермендердің бірі “Ревюньюске” Төлепов мырзаның эксклюзивті фотосын жіберген . Жеке өмірін барынша жат көзден жасыратын актер, болашақ жарына сөз айтып та үлгерген көрінеді. Өнер иесінің жүрек қалауы Қазақ Ұлттық Унивеситетінің түлегі, Айсұлу есімді бойжеткенге түскен.

Еске салсақ, Асылхан Төлепов бүгінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты. “Жау жүрек мың бала” фильмі арқылы мыңдаған көрерменнің жүрегіне жол салған актер кинодан бөлек, саясатқа араласып жүр.