Халық Мақпал Жүнісованы қарапайымдылығы үшін жақсы көреді. Халық артисі жайма шуақ көңілмен жүрген жеріне мереке сыйлап, адам талғамайды. Әнші, тіпті, ауыл-ауылда әртүрлі тыңдармандарымен түскен суреттерін желідегі парақшасына жүктейді. Ал өзге өнер иелерінен мұндай әрекетті байқай бермейсің, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл жолы Жүнісова әнші Ғаділбекпен бірге ән айтып, көзге түсті. Көпшілікке жаңа дуэттің ұнағаны соншалық, жұрт жұлдызды жұпқа сахнаға бірге шығуға кеңес берді.

Мақпал Жүнісова мен Ғаділбек ел арасында кеңінен тарап кеткен “Жылама жаным” әнін бірге шырқаған.
Бұл орайда желі қолданушылары дуэттің сәтті шыққанын айтуда.

“Керемет, Ғаділбектен қарағанда сіз жүрекпен айтып отырғандайсыз”, “Дуэт жаздырсаңыздар, керемет шығады екен”, “Қандай керемет жансыз, Мақпал ханым. Біз сізді сүйеміз”, – деп тамсанды желі қолданушылары.

@gadilbek_zhanay #күзгіжаңбыр#әнестеріңіздерме?

A post shared by Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal) on

Жариялағанstan.kz
Бөлісу