Алматыда рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған жолаушы екі бірдей автокөліктің астына түсті, деп хабарлайды Today.kz.

ЖКО № 7 қалалық ауруханаға жақын жерде Райымбек даңғылында болған. Жолаушы жолдың жарты бөлігін ақ жолаққа дейін жүгіріп өткен, ал жолдың екінші бөлігін жартылай ғана кесіп өте алды. Өзіне қарай келе жатқан Mercedes автокөлігін көрген ол сасқалақтап, тұрған орнында қатып қалған. Көлік жүргізушісі тоқтауға тырысқанымен, үлгермеді. Адам денесін Mercedes ұшырып жіберіп, қасында келе жатқан Toyota Windom көлігі тағы соқты.

Көкірегі сынған ер адам басқа да көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Фото -

Бөлісу