Танымал актер Аян Өтепберген мен актриса Гүлназ Жоланованың желідегі жазбаларын жіті қадағалап отыратын көрермен оларды әлдеқашан жұптастырып үлгерген. Алайда қос әртіс осы уақытқа дейін бұл сұраққа қатысты мардымды жауап бермеген. 

НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат берген Аян мен Гүлназ өздерін не байланыстыратынын айтты.

«Тамара Асардың «Ренжімеші» әніне кавер видео түсіргенбіз. Содан кейін айтылған болжамдар шығар», — дейді Гүлназ.


Ал Аян болса осы тақырыпқа байланысты желі оқырмандарынан өзіне түрлі хаттар келетінін айтты.

«Бірге жұмыс істегеннен кейін жақсы араласып кеттік. Содан кейін бір-екі жерде көріп қалған болуы керек. Қазір «сіздер бірге тұрасыздар, бірге жүресіздер» деген сияқты хаттарды күнде жазады»,- дейді Аян.

Дегенмен бұл таныстық екі жастың сезімін селт еткізбесе де, жиі жүздесіп, тіпті оңашада серуендеуге септігін тигізіпті.
Мәселен Аян мен Гүлназ наурызда Тайландқа бірге аттанса, сәуір айында табиғат аясында серуендеп, тіпті шілденің басында Қапшағайда қыдырған суреттерін желіге жүктеген.

365info