Аягөз қаласының маңында жер сілкінді

15 мамыр күні Аягөз қаласының маңында жер сілкінді, деп хабарлады YK-news.kz сайты.

Ұлттық сейсмология орталығының хабарлауынша, магнитудасы 4,6 балдық жерасты дүмпуінің эпицентрі Аягөз қаласынан шығысқа қарай 140 шақырым қашықтықта орналасқан көрінеді. Таңғы сағат 7.25-те тіркелген жер сілкінісі аудан тұрғындарына сезілген жоқ.