Зайсанда «Жас жол инспекторларының » аудандық байқауына 23 жасақ қатысты

Зайсан аудандық білім бөлімі мен аудандық ІІБ-нің ұйымдастыруымен 12 мамыр күні «Жас жол инспекторларының »  аудандық Слеті  өтті. Бұл туралы QazBrand.info әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мектептерде құрылған «ҚЖИ» жасақтарының арасында жылда өтетін бұл байқау  биыл «Жас  инспектролары қозғалысының » 45 жылдығына арналды. Байқаудың басты мақсаты- бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің арасында жол ережелерін және жол қауіпсіздігін насихаттау. 23 жасақ қатысқан додада саптық байқау, насихаттау тобы, реттеуші, жол ережелерінінің білгірі т.б. сайыстар түрлері қамтылды.

Бас жүлдемен облыстық Слетке жолдаманы М.Әуезов  ОМ «Жас қыран»  ҚЖИ тобы иеленді.

Жүлделі  1 орынды Мукарама ОМ тобы иеленсе, 2 орынды Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейінің  және Ю.Гагарин ОМ бөлісті.  3 орынды Саржыра ШЖМ, М.Ломоносов ОМ; Каратал ОМ өзара бөлісті. Амангелді ОМ, Маметов ШЖМ, М.Орманбетов ШЖМ; Шекарашы ОМ жасақтары номинацияларға ие болды.

Облыстық кезең 19 мамыр күні Өскемен қаласында өтеді.

Бөлісу