Ирландиялық Корке қаласындағы мектепте адам сенгісіз оқиға орын алған. Әрі тылсым жағдай мектептегі бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл туралы Mirror хабарлайды.

Видеодан байқағанымыздай, ең алдымен дәліздегі есік өзімен-өзі ашылып, біраз уақыттан соң қайта жабылады. Кейін сөрелер орнынан қозғалып, ішіндегі кітап-дәптерлердің жерге құлағаны байқалады. Соңында еденге қойылған ескерту тақтайшасы ұшып кетеді.

Видеоны мектеп басшылығы әлеуметтік желідегі ресми парақшасына жүктеп, «Елестерді аулайтын маман бар ма?» деп жазып қойған.

Оқиға видеода көрсетілгендей 1 қазанда болған. Әрі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Дереккөз: Qamshy.kz

Бөлісу