Жуырда отбасылық концертімен еліміздің түкпір-түкпірін аралаған Қайрат Нұртас туған інісімен бірге жаздырған жаңа дуэттің тұсауын кескен еді. Ағылшын тілінде жазылған әнді тыңдармандардың бір бөлігі оңды қабылдағанымен, сынап алғандар да табылды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Алайда Айдарбековтердің кенже ұлы Заңғар елдің сөзінен сабақ алып, әрі қарай да табандылықпен жұмыс істейтінін айтқан болатын. Нұртастың сүт кенжесі сөзінде тұрды. Қазіргі таңда ол жекелеген әндер жаздырып, шоу-бизнеске жаңадан қадам басып жатыр.

Ағамның жолын берсін дегені шығар, Заңғар Нұртас алғашқы бейнебаянын Қайрат Нұртаспен бірге таспалауды жөн көрген. My Universe атты туынды жақын күндері көрерменге жол тартады. Бұл жайында Қайрат Нұртас:

“Заңғар ініммен бірге орындаған, жаңа “My universe” әніне бейнебаян өз мәресіне жетті. Жақын арада Гәкку арнасынан көре аласыздар. Бейнебаянның жақсы шығуына ат салысқан барлық мықты мамандарға алғысымды білдіремін”, – деді.

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге бейнеклип түсірді

Айтпақшы, Қайрат Нұртас інілері мен балаларының әнші болғанын қаламайды. Бұл туралы хитмен сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында айтқан болатын. Соған қарағанда, Заңғардан “жұлдыз” жасау идеясы – Айдарбековтер әулетінің “бас продюсері” Гүлзира ханымға тиесілі.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу