Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтауды ұмытпау керек екенін ескертті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елбасы әскери және арнаулы атақтар мен шендерді тапсырған еді, деп хабарлайды Sputnik.

“7 мамыр күнін Отан қорғаушы күні ретінде бекіттік. Қазақтың қарулы күштерін құру туралы жарлыққа 1992 жылы қол қойдым. Ер азаматтарды осы күні құттықтауымыз керек. Әйел қауымына мұны ескертіп қоймаса, есінен шығып кетеді”, – деп әзілдеді елбасы.

Мемлекет басшысы салтанатты шарада әскерилерді құттықтап, тілегін жеткізді.

«Баршаңызды келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қатар аталған осы қос мерекенің алдында әр уақытта Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмге дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тура келіп отыр. «Қазақта елді қорғау – ердің ісі, ерді қолдау – елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жетістіктіктеріңіз үшін, халыққа үздік қызметтеріңіз үшін арнаулы атақтар мен шендерді тапсырғалы отырмын», – деп атап өтті Елбасы.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу