Ғабит Мүсіреповтың күнделігінен:

Ақылдының да пайдасы тиеді, ақымақтың да пайдасы тиеді. Алғашқысын әркезде күтесің. Соңғысы өзі келіп ұрынады. Мысалы, 1937 жылы Шаяхметов пен Әбдіхалықов саяси бір ұтыс жасау үшін мені партиядан шығартты. Орнымнан алды. Қоғамдық жұмыстардан ажыратты. Мен арман етіп жүрген еңбектерімді жазып алдым. Одан бұрын талай бастаған нәрселерім қол тимегендіктен аяқталмай қала беріп келіп еді. Екі ақымақтың ақымақтығы маған пайда болып шықты емес пе?!

Дереккөзі

Ілмектер: Ғабит Мүсіреповтың күнделігінен, Ғабит Мүсіреповтың өлеңдері, Ғабит Мүсіреповтың шығармалары, Ғабит Мүсіреповтың әңгімелері