Бір қызығы, Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысымен кездесуден бірнеше күн бұрын Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол сол отырыста кейбір қазақстандық банктердің акцияларының құлдырауы және өсуі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, олардың арасында Астана Банкі де болды. Бірақ, сол уақытты осы қаржы институтының көрсеткіштері Ұлттық Банк басшысының үрейін туғызбады. Керісінше, Ақышев олардың барлығы, оның ішінде Астана Банкі өз акцияларының құндылығын арттыра алды деген болатын.

«Астана Банкі – 0,6 пайыз, бұл біздің қор нарығымыздың психологиялық негізіне және ықпалына дәлел. Сондықтан, біз бұл жерде қазақстандық банктер үшін ешқандай маңызды мәселені қарастырмаймыз»,-деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ағымдағы жылдың 16 сәуірінде.

Сонда үш банктің «нашар жағдайда тұрғаны» туралы ақпаратты Елбасына кім берді? Қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов мұны тек Ұлттық Банк қана жасай алады деп санайды. Оның айтуынша, реттеушіде ағымдағы жағдай туралы толық ақпарат бар.

«Бұл банктердің кейбір мәселелері бар екенін Президентке Ұлттық банк айтуы мүмкін. Сондықтан Ұлттық Банк осы банктерден алып отыратын күн сайынғы есептерге сүйене отырып, бұл қаржы институттарының болашақтағы жағдайына алдын-ала болжам жасап айтуы, әбден мүмкін»,-дейді қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов.