Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Африкадағы соңғы монарх – Свазиленд королі III-ші Мсвати өз мемлекетінің атауын Эсватини Корольдігі деп ауыстырдыБұл туралы Reuters жазады.

Бұл свати тілінде «свазидің жері» деп аударылады.

Бұл шешімін король өзінің және өз елінің тәуелсізідігіне 50 жыл толуына орай өткен мерекеде жария етті.

«Қайда барсақ та бізді Швейцариямен шатастырады (Swaziland – Switzerland)», деді ол.

Эсватини Африканың оңтүстігінде орналасқан. ОАР мен Мозамбиктің ортасында жатыр.

Ұлыбританияға бағынған ел 1968 жылы тәуелсіздік алған. Халқының саны шамамен 1,35 миллион адам, бірақ нақты санды білмейді ешкім – ел халқының 26 пайызы иммун жетіспеушілігі вирусына шалдыққан.

Король III-ші Мсвати жас қыздарды қатты жақсы көреді. 2013 жылы ол өзінің 15-ші тоқалын, сұлулық байқауының финалисі атанған 18 жастағы қыз Синдисва Дламиниді алған.