Семейде темір жол өткелінде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті.

Бұл туралы Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 13 сәуірде орын алған. Зардап шеккен қыз ісік және бас сүйек-ми жарақатымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Қазірі уақытта қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Қызды неліктен пойыз қағып кеткені әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Семей қаласының станциясындағы ІІБ кезекші бөліміндегілер.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу