Qazbrand.info ақпараттық порталы мектеп оқушылары арасында онлайн бәйге ұйымдастырады. Бәйге сәуір айының 16 жұлдызынан басталып, сол күннен бастап материалдар қабылданады. Және ол апта сайын жалғасын тауып отырады. Бәйгеге 5 – 11сынып оқушылары қатыса алады.

Бәйгенің мақсаты: Еліміздің түпкір-түпкіріндегі дарынды мектеп оқушыларын бір ортаға шоғырландырып, олардың дарынын ашу және жас оқырмандардың қызушылығын оятып ел арасындағы еленбей жүрген жастарды халыққа таныстыру. Сонымен қатар жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау.

Бәйгенің кезеңдері:

Бәйге әр аптаның дүйсенбі күнінен жексенбі аралығын қамтитын болады. Жарыс жеңімпаздары әр апта сайын анықталып отырады. Жеңімпаздар бір апта бойы сайтта үздіктер қатарына ілініп, ай соңында сайттың арнайы ДИПЛОМЫМЕН марапатталады.

Бәйгенің шарттары:

Бәйгеге қатысушылар өз туындыларын (өлеңдер, мақалалар, суреттер, фотолар, әңгімелер) аптаның дүйсенбі мен жұма күндері арасында поштаға ( (mail@qazbrand.info) немесе В контакте желісіне (Қазбренд Порталы) жіберуі керек. Жіберілген материалдар (love.qazbrand.info) сайтында жарық көреді. Ал жеңімпаздарды анықтау үшін дауыс беру сенбі күні сағат 8:00 мен жексенбі күні сағат 19:00 аралығында өткізілетін болады. Жеңімпаздар келесі дүйсенбі күні сайттың басты бетіне жарияланатын болады.

Жіберген жұмыстарда автордың (фото суреті, толық аты-жөні, Мекен-жәйі, мектебі) көрсетілуі тиіс. Жұмыстар word-қа теріліп жіберілуі керек. (Фотолар мен суреттер вордқа салынбауы қажет)

Бәйгенің бөлімдері:

  • Үздік фотограф
  • Үздік суретші
  • Үздік журналист
  • Үздік жас ақын
  • Үздік жазушы
  • Үздік фотограф – Бұл бөлімге жарысқа қатысушылар күнделікті өмірдегі ерекше құбылыстарды, қызықты сәттерді көрсете алуы қажет!
  • Үздік суретші – Мұнда жас суретшілер өздерінің ерекше деген туындыларын ұсына алады.
  • Үздік журналист – Бұл бөлімге қатысушылар өздерінің түрлі тақырыптағы мақалаларын ұсына алады. Мақала көлемі бір А4 көлемінде 14 қаріппен болуы тиіс.
  • Үздік жас ақын – Ақындар бөліміне қатысушылар өздерінің кез-келген тақырыптағы бір өлеңін ұсына алады.
  • Үздік жазушы – Бұл бөлімге қатысушылар өздерінің шағын әңгіме, хикаяттарын, басынан өткен ерекше оқиғаларын оқырманға көркем, қызықты тілде жеткізуі керек.

Ескерту: Жарысқа қатысушылар өз қабілеттерін бірнеше мәрте сынап көруге мүмкіндіктері бар. Бұл жеңімпаздарға да қатысты. Тек әр апта сайын жарсқа қосатын туындылары қайталанбауы шарт. Олай болған күнде жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.