Фируза Шәріпова әлем чемпионымен жұдырықтасады 

Бокстан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстром WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізуге келісім берді.

Бұл туралы қазақстандық боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Біз Евы Вальстремнің промоутері Петри Паймандерден жауап алдық. Қазір Вальстрем операциядан кейін оңалып жатыр. Сондықтан маусымда жұдырықтаса алмайды. Екі ай жаттыға алмайды. Дегенмен олар Шәріповамен 24 қазанда жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытты. Дүйсенбіде келісім жасай бастаймыз», – дейді қазақстандық боксшының менеджері Сергей Завилейский.

Жекпе-жек 24 қазанда Монакода, Sportel спорт арналарының халықаралық конвенциясы кезінде болады.

Еске салайық, соңғы рет Шәріпова Алматыда жекпе-жек өткізіп, Джемилла Гонтарюкті жеңген. Осылайша IBO және WBC Silver белбеулерін иемденіп, WBC чемпиондығына міндетті үміткер болған еді.