Ирландиядағы Лимерика университетінің зерттеушілері адамның көз жасында, ақуызда және омырау сүтінде болатын лизоцим ферментін зерттеуге алды. Ғалымдар механикалық ықпал етудің арқасында аталған ферменттен электр энергиясын алуға болатынын анықтады.

Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Бұл жерде сөз пьезэлектрлі әсер жайында болып отыр. Оны қарапайым асүйдегі оттықтан табуға болады.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, лизоцим кристаллының сыртқы қабығында пьезэлектрлі зат болады. Оның әсері кварцтық кристаллдікімен бірдей.

Зерттеушілер болашақта аталмыш ферменттен электр энергиясын алуға болатынын дәлелдеді.

Бөлісу