Өкінішке орай, жыл сайын әлемде кем-тар болып туатын балалардың қатары өсіп келеді. Олардың кейбірі адам айтса нанғысыз келбетке ие.

Шайло Пепин, балық қыз

1999 жылы АҚШ-та сиреномелия атты ауруға шалдыққан қыз бала дүниеге келді. Бұл ауру өте сирек кездеседі және оған шалдыққан сәби бірден шетінейді. Алайда Шайло Пепин бұл диагнозбен 10 жыл бойы өмір сүрді. Шайлоға осы күнге дейін түрлі ота жасалған болатын.

Өрмекші қыз

Индонезияның Ява провинциясында төрт қол, төрт аяғы бар қыз бала дүниеге келді. Босану кезінде анасы қатты қиналған. Себебі, іште шетінеген егіздің сыңарының тәні екіншісінікіне жабысып қалған. Хирург мамандар егіздерді ажырату отасын тегін жасауға келіскен. 2007 жылы 30 хирург маман 27 сағат бойы ота жасап, сәбидің тәніндегі артық қол мен аяқты алып тастады.

Үлкен қолы бар Калым

2006 жылы Үндістанда қолы әдеттегіден екі есе үлкен Калым атты сәби дүниеге келген. Сегіз жасында Калымның қолының салмағы – 16 кг болды. Ұстаздар одан мектепке келмеуін өтінген екен. Себебі, сыныптастары одан қорқатындарын айтқан. Айына 25 доллар табатын Калымның ата-анасы оған ота жасату үшін ақша таппай жүр.

Дидье Монтальво, тасбақа бала

2005 жылы Колумбияда меланоцитарлы вируспен бала дүниеге келді. Яғни сәбидің арқасындағы қалы қатты үлкейіп кеткен. Баланың арқасы үлкен ісікпен көмкерілген. Бір қарағанда тасбақаға ұқсайды. Жергілікті тұрғындар мұны құдайдың қарғысы деп ойлаған еді.

Екібасты Манар Магед

Каир тұрғыны Манар Магедтің басына екінші сыңарының басы жабысып қалған. Егіздің екінші сыңарының тәні болмаған. Тек Манар арқылы тамақтанып, қозғалып жүрген. Араға 9 ай салып, дәрігерлер ота жасап, екі сыңардың басын бір-бірінен ажыратқан. Отадан кейін басы ғана бар егіздің сыңары көз жұмған, ал Манардың өзі бір жылдан соң ажал құшқан.

Дереккөз: stan.kz