Үндістанның Карнатака штатында селфи жасамақ болған үш студент пойыз астына түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

 Полицияның ақпаратынша, көз жұмған екі ер адам Бангалордағы Ұлттық колледжде оқыған. Үшіншісінің кім екені анықталуда. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болжамынша, үш студент суретке түспек болып, жақындап қалған пойызды байқамай қалған.

Сондай-ақ, өткен аптада дәл осы колледждің тағы бір студенті қаза тапқан еді. Жас жігіттің достары оның суға батып бара жатқанын кездейсоқ видеоға түсіріп алған.

Бөлісу