Ресей президенті Владимир Путин мен Түрікменстан президенті Құрбаноғлы Бердімұхамедов арасындағы кездесуде олқылық орын алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі “УСН 1492“-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Түрікменстан президентін Александр Невский орденімен марапаттау кезінде диктор оның тегін дұрыс айта алмай, бернеше рет қателескен. Тек үшінші ретте ғана диктор президенттің тегін дұрыс айта алған.
Осыған байланысты Түрікменстан президенті қымсынып, қысылып қалған. Ал Путин болса Бердімұхамедовке орденді диктордың сөзіне қарамастан жұлқылап таға жөнелген.