Төтенше жағдай Мәскеуде, 3 қазан күні орын алды. 14 жастағы қыз ваннаға телефонмен кірген.Ол телефонның зарядталмағанын байқап, сым арқылы гаджетті розеткаға қосқан деп хабарлайды zhazar.kz

Қоңырау түскенде, оқушы телефонды суға түсіріп алған. Біраз уақыттан кейін қыздың анасы анасы ваннаның күдікті тыныш екенін байқаған. Ваннадан ешкім жауап бермеген соң, құлыпты сындырып кіргенде қызы тыныссыз жатқан.

Дереу шақырылған дәрігерлер, қыздың тоқ әрекетінен қайтыс болғанын мәлімдеді.

Ақпарат көзі: «Московский комсомолец»

Бөлісу