Мына оқиғаларды оқи отырып, нағыз қатігездік пен сорақылыққа куә боласың.

Қыз баланы «сүндеттеу» туралы есігеніңіз бар ма? Бұл – әйел адамның сыртқы жыныс мүшелерін жартылай немесе толық түрде алып тастау. Мұндай ота түрі бағзы замандарда қолданылған. Алайда, қазіргі таңда Азияның кейбір елдері мен Таяу Шығыс, Африка елдерінде бұл процедура әлі де өзінің қолданыстағы өзектілігін жоймай келеді.

Бүгінгі күні осындай салт-жораны бастан өткерген 125 миллион әйел бар екен.

Аша Маилз есімді танымал фотограф пен журналист Надя Пьянкова  қатігез салттың құрбанына айналған  Гамбия әйелдерінің тағдары туралы жоба жасаған. Осы әйелдердің оқиғалардың бірсыпырасын  Qamshy.kz ақпарат агенттігі жариялаған болатын. Тағы бірнеше әйелдің басынан өткенін  оқырман  назарына ұсынамыз.

Фату Боджанг, 52 жаста

Гамбия

«Менің қалай сүндеттелгенім есімде жоқ. Себебі бұл процесс сәби кезімде жасалған. Бұл-дәстүр, сондықтан, анам барлық ата-аналар істеуге тиісті нәрсені істеді. Бұл процестің сәби кезімде жасалғаны жақсы болды деп ойлаймын. Себебі есейген сайын ауырсынуды қаттырақ сезінесің. Кейінірек басқа әйелдер мені қыздарды сүндеттеуге үйретті. 17 жасымнан бастап кішкене қыздарға осы отаны жасай бастадым. Менің тәжірибемде бірде-бір рет қиындық туған кездер болмапты. Осыдан бір жыл бұрын отаны жасауға тыйым салынған соң, барлық құрал-жабдықтарымды жерге көміп тастауға тура келді. Сүндеттеуге тыйым салынғанына, заңның қабылданғанына шындығында, риза емеспін. Меніңше, біз дәстүрімізді сақтауымыз керек. Мұнда тұрған ешқандай сұмдық нәрсе жоқ. Егер қолың жеңіл болса, ешқандай қиындық тумайды. Әйел адам үшін отбасы мен күйеуі жылу сыйлайды.  Басқасы- маңызды емес»-дейді әйел.

Эми Сове, 19 жас

Гамбия

«Мен 3 жаста болған кезде сүндеттелдім. Сондықтан салтанатты рәсімнің қалай өткені есімде жоқ. Тек кейін бойжеткен соң ғана қандай сұмдықты бастан өткергенімді білдім. Мектепте де, теледидарда да бұл отаның дұрыс емес екенін айтатын. Қазір мұның тыйым салынғанына қуанамын. Өзімнің де денсаулығыммен қиындықтарым бар. Ішім ауырады, ал өзімнен кейінгі сіңілім кіші дәрет кезінде қиналады. Сол үшін айлап мектепке бармайтын. Осы жағдайлардан кейін анам басқа сіңілілерімді сүндеттеуден бас тартты. Әзірге тұрмыс құру туралы ойламаймын.

Болашағым үшін қорқамын. Күйеуіммен бақытты боламын ба деген сұрақтар мазалайды. Меніңше, кез келген әйел жақсы ер адамға, жақсы күйеуге лайықты. Мен ешқашан мұндай қылмысты өз қыздарыма жасамаспын».

«Қамшы» сілтейді

Бөлісу