Мына алтын əжетхананы Астанада біреу 10 миллион долларға сатып алған дей ме? Унитазы сонша тұрғанда……құны қандай десеңізші! Сонда, мұны төбесіне іліп қоймаса, басқа қандай қажетіне жаратады екен, ə? Байлар ақшасын сақтау үшін өнер туындысына салуы – қалыпты нəрсе. Бүкіл əлем біледі оны. Өйткені, өнер туындысы үнемі бастапқы бағасынан қымбатқа сатылады. Ал, мынау қандай өнердің кереметі бола алады? Əлде, өнердің өлшемі осыған жетіп қалды ма? Қазақ суретшісінің бір картинасына сондай қаржы лақтырмас еді, ə? Бірақ, алтын унитазға сұмдық ақша төлепті. Жалпы, əлемде, өнер туындысының базарын, саудасын Арт-рынок деп атайды ғой. Біздегісі қазақша тура мағынасындағы Арт-базарға айналып бара жатыр-ау?!

Серік Жанболат