Көкшетауда гаражда тұрған көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көз жұмғандар 1986 жылғы жігіт пен 1994 жылғы бойжеткен. Қайғылы оқиға 9 наурыз күні орын алған.

«Алдын ала мәлімет бойынша екеуінің ыстан уланып қалғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты тексеріс жүргізілуде», – деді баспасөз қызметіндегілер.