Танымал журналист Нартай Аралбайұлы екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ақпаратты Instagram желісінде желі қолданушыларының бірі таратты. Алайда артынша аталған жазбасын өшіріп тастады.

Десе де журналист 2015 жылы үйленіп, 2016 жылы ұлды болған еді. Ендігі оның бірінші әйелімен ажырасқаны не екінші әйел алғаны белгісіз. Нартай Аралбайдың өзі желідегі парақшасында екінші рет шаңырақ көтергені жөнінде мәлімет бермеген.