Халықтың махаббатынына бөленген бұрынғы «Ақжүніс» бағдарламасының тележүргізушісі Сәуле Әбединова басынан өткен қиындықтар кезінде өзіне қолдау көрсетіп, сабырға шақырған халыққа алғысын білдірді. “Бақытты әйел” бағдарламасының қонағы болған журналист өмірінде орын алған жағдайлар туралы айтып болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жүргізуші басына түскен қайғыдан кейін, «Ақжүніс Астана» журналының жарыққа шығуы уақытша тоқтатылғанын айтты. Жақында ғана баласынан айырылған Сәуле журнал емес өзімді жоғалтып алдым деп, қазіргі жағдайы туралы сөз қозғады.

«Баламның қайтыс болғанына 60 күн өтті. Әлеуметтік желілерде, жеке өзіме де еңсеңді көтер деп жұбату айтқандар өте көп. Осы уақытқа дейін менің қайғыма ортақтасып, қолдау көрсеткендерге рахметімді айтқым келеді. Сіздердің бағдарламаларыңызға шақырту түскенде кеше ғана балам өлді, халықтың алдына шығатындай жағдайда емеспін деп бас тартқан едім.

Артынша тұңғиыққа батсам, батып кете беремін деп ойландым. Сондықтан бүгінгі тікелей эфир арқылы менің қайғымды бөліскен халыққа шын жүректен рахмет айтуды жөн көріп, шақыртуларыңызды қабыл алдым.

Баршаларыңыздың көрсеткен қолдауларыңызға алғыс білдіремін»,-деді Сәуле Әбединова. Жүргізуші ұлының өмірден өзғанына көп болмағанын айтып, бақытты әйел бағдарламасына келу себебін түсіндіріп өтті.

«Жақында ғана баламнан айырылған бозінгенмін, әкемді жоғалтқан жетіммін, інім қайтыс болып тынысым тарылған әпке, бауырмын. Мен жер шарындағы ең бақытсыз әйелмін. Бірақ шүкір тәубе дейтін жағдайлар да көп. Менің қызым, балаларым, немерем бар.

40 күн бойы менімен бірге жылап отырған әпке-аға, жеңгелерім, сіңлілерім, халқым бар.

Алла тағалам баламды бұл дүниенің жақсы-жаманын ажырата алмаған жаста, өмірден өз орнын әлі таппаған сәтте, яғни періште күйінде алып кетті. Мен өзімді Алла тағала баламды жәннаттық ету үшін алып кетті деп жұбатамын»,- дейді қара жамылған ана.

Арты-артынша жақындарынан айрылған жүргізуші ұлымен жәннатта қауышуды армандайды.

«Алла тағала ұлым секілді жәннаттық болуды жазса, балам мені анашым сен келдіңбе деп күлімсіреп, күтіп алады. Құдайым соны жазсын.

Басыңа қиындық түскенде  өмір туралы көп ойланып кетеді екенсің. Осыдан кейін Құранды зерттеуге кірістім. Халифа Алтайдың аудармасын ұлымның қырқына дейін оқып бітіруді Аллам нәсіп етсін деп тіледім»,-дейді Сауле Әбединова.

Жазбаларында мөлдірлік пен шынайылық көрініп тұратын журналист «жазылмайтын кітап» жазуды қолға аламын дейді. Онда жазуға болмайтын дүниелер жазылады. Тележүргізуші жазылмайтын амал кітабында Аллаға беретін жауаптар жазылады деп, болашақта қолға алатын жұмысымен бөлісті. Сәуле апайымыз қазақтың ырымшылдығына салынып кететін кездер де болатын айта кетті. Ол ұлының есіміне байланысты бірнеше деректермен бөлісті.

«Балама аяғым ауыр кезде Сұлтан Сартаев деген талантты танысымыз қайтыс болды. Сол жігіттің құрметіне ұлымызды Сұлтан атағымыз келді. Ол жігітте 23 жасында ма, әйтеуір ерте қайтыс болды. Кейін жолдасым ерте қайтқан адамның атын беру жақсы ырым емес екенін айтты. Жаман ойламасақ та, жұбайым екеуміз басқа ат қоюды жөн көрдік. Бірнеше есімдердің ішінен Абзал деген атты таңдадық. Кейде ұлымның бірінші аты Сұлтан болғаннан кейін бе атын бекер ауыстырдық деп ойлаймын. Атта тұрған ештеңе жоқ кой, бәрі Алланың қалауында болып тұр. Сондықтан біздікі жәй болжам»,-дейді журналист.

Үш ай бойы қара жамылған жүргізуші тіпті Алладан ұлының түсіне кіруін жалбарынып сұрапты. Сәуле Әбединова қазір аз да болса қайғы жайлы ойламауға тырысып, қолдағы барына шүкіршілік ететінін айтты