Қайрат Нұртастың кішкентай ұлы халықты әкесінің концертіне шақырды, деп хабарлайды Today.kz.

Видеоны Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасына жүктеді.

“Жайма-шуақ көктемнің нұрын шаша келген Наурыз мерекесі қарсаңында отбасыма қызығушылық танытып жүрген xалқыма бұрынғы концерттерден ерекше концерт ұсынбақшымын! Бұрын-соңды болмаған, жанұямның мүшелерінің қатысуымен өтетін, өнер сүйер қауымның ынтыға күткен кештің куәгері болыңыздар!” – дейді видеода Қайрат Нұртас. Ал Қайраттың ұлы болса, “Менің әкем – Қайрат Нұртас” деп көрерменді тәтті қылығымен баурап алды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың концерті 19  наурыз Астана қаласында Қазақстан орталық концерт залында, 22 наурыз күні Алматыда Республика сарайында өтеді.