Британ мұражайында күтпеген жаңалық ашылды. Қазіргі татуировка деп жүрген денедегі түрлі суреттердің тарихы тым ертеректе пайда болыпты,-деп хабарлайды QazBrand.info порталы.

Бұл жерде ежелгі мысырлық мумиялар сақталған. Ғалымдар олардың терісінен (түрлі суреттер) татуировка таңбаланғанын байқап, арнайы инфрасәулелі құрылғылар арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Египеттік ер адамның иығына бейнеленген жабайы өгіз және қой суретін  ғалымдар бірден байқаған және бұл белгі рәміздік суреттер болуы мүмкін дейді. Ғалымдардың айтуынша, ол кісі кезінде ерлік істерімен танылған даңықты адам болса керек.

Тағы бір әйел мәйітінен  қолда және иығына салынған символдар кездескен. Бұл латынша “S” әрпі түрінде салынған. Бұл да кезінде салттық рәсімдер ретінде таңбаланған болса керек дейді ғалымдар.

Толық ақпаратты бейнематериалдан тамашалай аласыздар:

Бөлісу