Қызылордада түн ішінде қирап қалған жатақханадан тұрғындар қалай қашып шыққандарын айтты

Шеті опырылған нысанды қалпына келтірудің қажеті жоқ! Қызылордада бір жақ бөлігі құлаған жатақхана түгелдей сүрілетін болды. Ал, оның тұрғындарын далада қалдырмаймыз деп сендірді шенеуніктер. Салынғанына жарты ғасырдай болған үйдің оң жағы кеше түнде жермен-жексен болған. Құдай сақтап, нысанның үйіндіге айналған бөлігінде адам тұрмапты. Ал, келесі шетіндегі 46 отбасы түн ортасында жақын маңдағы мектепке көшірілді. Әбден шошынып қалған халыққа психологиялық және медициналық көмек көрсетілген. Төтенше жағдайдың нақты себебі анықталуда.

Автор: Нұргүл Нұрланқызы