Әнші Айқын Төлепберген Алматы қаласы, Жетісу ауданы бойынша мәслихат депутаттығына түсіп жатқан миллионер Қайрат Құдайбергенді қолдап сөз сөйледі, деп хабарлайды Today.kz. 

Айқын сайлау алды үгіт насихат жұмыстарында Қайраттың қасынан табылған.

“Қайрат мені досы ретінде қолдауға шақырды. Оның жауапкершілігі өте жоғары, өз сөзіне жауап бере алады. Қайрат Құдайберген – көкесіз өзі көтерілген адам”, – деді Айқын.

Қайрат Құдайберген сайлауға не үшін түсіп жатқанын Instagram желісіндегі жеке парақшасында түсіндірді.

“Мен Алматы қаласы бойынша мәслихат депутаттығына сайлауға түсу туралы шешім қабылдадым. Алматы менің туған қалам, оның тағдырына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Өзімнің құзыретіме сәйкес, мен қаламыздың көркеюіне қатысты, қолымнан келетін барлық жағдайды жасауға тырысамын. Бұл бастамада сіздер маған қолдау көрсетіп, менімен бірге болады деген сенімдемін. Мен Жетісу ауданының 24 округі бойынша сайлауға түсемін. Сайлау 25 наурыз күні өтеді. Осы күні округтің әрбір тұрғыны өз кандидаттарының үлесіне дауыс бере алады”, – деді Қайрат Құдайберген.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген – “THS GROUP” құрылыс холдингінің қожайыны, отандық миллионер.

Фото -