Сенатор Дариға Назарбаева сенат отырысында депутаттық сауалын неге орыс тілінде жолдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай парламент пен үкіметтің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін тапсырған болатын. Алайда бүгін сенат отырысында депутат Дариға Назарбаева депутаттық сауалын ресми тілде жолдады. Журналистер де мұның себебін сұраған еді.

“Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ. Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйледім. Президенттің тапсырмасын бәріміз де орындауға тырысамыз. Орыс тілді ешкім әлі жойған жоқ. Құдайға шүкір, ондай болмайтын да шығар. Бірақ біз басқа да азаматтарды сыйлауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеде шектен шығуға болмайды. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қойған жоқ. Ел аумағындағы және мемлекеттік органдардағы тілдер Конституциямен бекітілген”, — деді Назарбаева.

Бөлісу