Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең тұман болады, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с дейін күшейюі күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман байқалады.

Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, түнде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жердерде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бөлісу