Әлеуметтік желіде Сириядағы жағдай туралы адам көргісіз видеолар қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан бейкүнә сәбилердің ауыр жағдайын көруге болады. Соғыс әлі аяқталмады, соңғы рет Сирияда 15 ақпанда жойқын жарылыс болған. Ал соғыстың кесірінен аяғынан айырылған балалардың көпшілігі қайтадан жаңа аяқ өсіп шығатынына сенеді екен.

Айта кетсек, жақында 170-тен астам адам Сириядағы жан түршігерлік соғыстан құтылып, өз үйлеріне оралды. Әлі де құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ескерту: Жүйкесі ауыратындарға, аяғы ауыр әйелдерге, балаларға көрмеуге кеңес береміз.