ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Қырғызстан Республикасына барып, сол жақтың бірқатар министрлік және мекеме басшыларымен кездесті.

Қырғызстанның қорғаныс ісі бойынша Мемлекеттік комитеттің Төрағасы Мейірбек Қасымқұловпен кездесу барысында тараптар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара әрекет, зауытаралық кооперацияларды жолға қою, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнімдерді келешекте бірлесіп жеткізу сияқты мәселелерді  талқылады.

Сонымен бірге, қазақстандық делегация авиатехникаларға қызмет көрсету (тікұшақ техникаларын жөндеу) және Қырғызстанның күштер құрылымы үшін ҚР қорғаныс өнеркәсібі қызметі мен өнімі саласында ынтымақтастық туралы ұсыныс жасады.

Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Қуатбек Бороновпен кездесу кезінде Қырғызстанның төтенше жағдайы үшін қазақстандық «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорнының көп функционалды тік ұшақтарын жеткізу мүмкіндігі туралы сөз болды.

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорны Қырғызстанға жеңіл өнеркәсіп өнімін қоса алғанда әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізе алады. Мысалы, «Таразкожобувь» ЖШС Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы үшін әскеи аяқ киімдерді жеткізу мүмкіндігі бар.

Қазақстандық делегация қырғыздық серіктестерге Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайларын болдырмау және оның алдын алу органдарының мүдделері үшін қазақстандық ғарыш жүйесін бірлесіп пайдалану туралы ұсыныс жасады. Ғарыш саласы туралы жасалған бұл ұсыныс бойынша ынтымақтастық Жерді қашықтықтан зондтауда тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ, ғарыш қызметі аясында мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Анықтама: Қазақстанда қызмет көрсету аумағына Қырғызстан Республикасы кіретін ғарыш жүйесі байланысы мен Жерді қашықтықтан зондтау сәтті қызмет атқарады. Қазақстандық байланыс серіктері Орта Азияның барлық аумағын байланыс және телетарату қызметімен қамтамасыз етеді, ал, Жерді қашықтықтан зондтау серіктері геодезияда, картографияда, ауыл шаруашылығында , сонымен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмауда (ТЖ салдарының бағасы мен мониторингі, дала, орман өрттерінің мониторингі) ғарыштық түсірілімдерді береді.

 

Қырғызстанның Қарулы күштері Бас штабының басшысы Райымберді Дүйшенбиевпен кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі жақ өзара қызығушылық тудырған мәселелерде ынтымақтастықтың оң әсерін атап өтті және әріптестікті одан ары нығайта түсуге ниет білдірді.